Energo University

Оқыту 25.04.2025

EU Біліктілікті арттыру орталығы институционалдық аккредитация алды

news.title_ru

2025 жылдың 11 сәуірінде АЭжБУ Біліктілікті арттыру орталығы Орталық Азия Білім беру Аккредитациясы Ассоциациясынан (САААЕ) институционалдық аккредитация алды. Бұл ұйым Еуропалық инженерлік білім беру сапасын қамтамасыз ету қауымдастығының (ENAEE) толыққанды мүшесі болып табылады.

Осылайша, АЭжБУ Біліктілікті арттыру орталығында курстардан өткен тыңдаушылар халықаралық тіркеуден өткен сертификатқа ие болып, Еуропа еңбек нарығында нострификациясыз жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Бұл факт біздің Университетіміздің біліктілікті арттыру курстарына тыңдаушыларды тартудың қосымша артықшылығы болады.

Халықаралық аккредитация сертификатын Біліктілікті арттыру орталығының басшысы Еркебұлан Хасеновке САААЕ президенті Абдумуталип Абжаппаров табыстады

Оқыту

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар