Energo University-дің Біліктілікті арттыру орталығы Алматының жетекші энергетикалық компаниялары — «АлЭС» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және «KEGOC» АҚ ЖЭТ өкілдері үшін кезекті ақпараттық тур өткізді.
Кездесу аясында қонақтар оқу бағдарламаларымен, материалдық-техникалық базамен және мамандарды даярлаудың заманауи әдістемелерімен танысты. Компания өкілдері білім беру үдерісін ұйымдастырудың сапасын жоғары бағалады, қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзектілігін атап өтті және Energo University-де өз мамандарын одан әрі оқытуға қызығушылық білдірді.
Біліктілікті арттыру орталығы ынтымақтастық үшін ашық және энергетика саласының серіктестерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.
Оқиғалар
Оқыту
Сілтемені көшіру