Energо University-дің студенттері 5 мамырда Астанада өткен және екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған DefenseTech хакатонының финалында екінші орын алды.
Шақырылған 13 университеттің ішінде команда ішкі нормативтік құжаттарды талдауға арналған зияткерлік дербес чат-ботты әзірлеуді ұсынды. Инновациялық шешім үшін студенттер 1 500 000 теңге жүлдені, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінен жобаны енгізу бойынша ұсыныс алды.
Команда құрамы:
- Дмитрий Синишин және Сергей Ширяев — 4 курс, «Ақпараттық жүйелер»
- Дамир Мертл — 2 курс, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Жетекшісі — профессор-практик Азамат Кальпебаев.
«Біздің студенттердің әзірлемесі жоғары бағаланды - бұл қорғаныс саласында нақты қолдануға жасалған қадам», - деп атап өтті Азамат Кальпебаев.
Студенттік өмір
Ақпараттық технология
Сілтемені көшіру