8 мамырда Energo University-ге Халықаралық ақпараттық технологиялар
университетінің (IITU) делегациясы келді.
Әріптестер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін корпустар бойынша
экскурсия өткізілді, зертханалар мен оқу аудиторияларының мүмкіндіктері мен
жабдықталуы көрсетілді.
Сапардың шарықтау шегі университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы
шартқа қол қою болды. Energo University-дің ректоры Ғани Нығыметов пен IITU-дің
ректоры Асылбек Исахов өз қолдарын қойды.
Келісім аясында келесі бағыттарда ынтымақтастық жүргізіледі:
- кадрларды бірлесіп даярлау, ғылыми және инновациялық жобаларды әзірлеу
және іске асыру;
- бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және оқу-әдістемелік
құжаттаманы әзірлеу;
- IT-білім беруді дамыту бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және
өткізу;
- білім алушыларды, магистранттар мен докторанттарды IT-жобаларға қатыстыру
және тәжірибелік ғылыми-зерттеу және білім беру міндеттерін шешу;
- зертханалық базаны өзара пайдалану және API деректері мен бастапқы
кодтарымен алмасу, бұл қызметкерлерге, докторанттарға және студенттерге
ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру үшін
бірлескен өнімдерді, модульдер мен компоненттерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Оқиғалар
Ақпараттық технология
Мұғалімдер
Сілтемені көшіру