Energo University

Ақпараттық технология 19.05.2025

Energo University студенттері «1С: Программист» жобасының алғашқы кезеңін аяқтады!

1С: Кәсіпорын 8 платформасы бойынша қарқынды оқытудың алғашқы кезеңінен 20 студент өтті. 

Интенсив аясында қатысушылар бағдарламалаудың негіздерін меңгеріп, платформаның архитектурасын зерттеп, бизнес-қосымшаларды баптау мен әзірлеудің негізгі дағдыларын игерді.

Курс соңында барлық қатысушы тәжірибеге және кәсіби өсуге дайындығын растайтын ресми куәліктер алды.

2 маусымда жобаның екінші кезеңі басталады – Алматыда үздік 10 студент үшін 1С серіктестік желісінде тәжірибе. 28 маусымға дейін олар алған білімдерін іс жүзінде қолданады, жұмыс берушілермен танысады және жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар ала алады.

«1С: Программист» жобасы – бұл студенттер үшін ІТ-саласында алғашқы қадамды жасап, тәжірибе мен күшіне сенімділік алуға және кәсіби жолын сала көшбасшыларының мықты базасы мен қолдауымен бастауға тамаша мүмкіндік.

Қатысушыларға сәтті тәжірибе және мамандық жолында сенімді бастама тілейміз!

Студенттік өмір

Ақпараттық технология

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар