Energo University

Ғылыми қызмет 02.06.2025

SLL бағдарламасы аясындағы бөлмелік микрогидропоникалық қондырғылар жобасы

news.title_ru

Біздің университет бірнеше жылдан бері Назарбаев университетімен «Sustainability Living Lab» бағдарламасы бойынша жемісті жұмыс істеп келеді. Бұл бағдарлама АЭжБУ кампусындағы жағдайды жақсартуға бағытталған және конкурстық іріктеуден өткен студенттер мен университет қызметкерлерінің жобаларын жүзеге асыруды көздейді. 2024 жылғы конкурстың қорытындысы бойынша АЭжБУ атынан екінші курс студенті, «Аэроғарыштық инженерия» білім беру бағдарламасының студенті Камиль Равильевич Замалиев жеңімпаз атанып, қалалық ортада тұрақты агроөндірістік шешім ретінде өзінің «SEMIRAMIDA гидропоникалық қондырғылары» атты жобасын іске асыруға грант иеленді. 2024 жылғы қыркүйек айының ортасынан бастап бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес өз жұмысын бастады.

Жобаны жүзеге асыру барысында гидропоникалық қондырғының жобасы әзірленіп, оны жасау, құрастыру және сынақтан өткізу үшін қажетті жабдықтар мен материалдар сатып алынды. SEMIRAMIDA қондырғылары жабық үй-жайларда қолдануға бағытталған, табиғи жарықты (Күн сәулесін) қажет етпейді және оқу-ғылыми әрі өндірістік жоба ретінде қарастырылады. Жобаның басты мақсаты – университет кампусындағы жағдайды жақсарту, экологиялық таза, табиғи жидектер мен көк шөпті тікелей тұтыну орындарында өсіру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін арттыру. Сонымен қатар бұл жоба рекреациялық маңызы бар, яғни тірі табиғат бұрышын жасай отырып, білім алушылар мен қызметкерлерге өсімдіктерді өсіру үдерісін көзбен көріп, тәжірибе жүзінде үйренуге мүмкіндік береді.

Жүктемені басқаруға арналған өнеркәсіптік таймерлер негізінде электронды басқару жүйесі әзірленді. Бұл жүйе нақты уақыт режимінде сорғыларды, жарықтандыруды және қоректік ерітіндінің айналымын басқаруға мүмкіндік береді, өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін қажетті барлық жағдайларды қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, жоба аясында келесі негізгі кезеңдер жүзеге асырылды:

1.      Эргономиканы, жұмыс пен техникалық қызмет көрсетудің қауіпсіздігі мен сенімділігін ескеретін қондырғы конструкциясын жобалау.

2.      Сорғыны, жарықтандыруды басқару және қоректік ерітінді жинақтаушы бактың босап қалуынан қорғаудың электр сызбасын әзірлеу.

3.      10 қондырғыдан тұратын партия дайындау және оның жұмысын сынақтан өткізу.

Жобаның соңғы кезеңінде жобаға тағы бір белсенді қатысушы  «Жүйелік инженерия» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенті, Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының білім алушысы Максим Ильич Кулиш қосылды. Ол жобаның тұжырымдамасына өзгерістер енгізіп, нәтижесінде кеңселер мен ХайТек стиліндегі (лофт, индастриал және соған ұқсас стильдер) интерьерлерге арналған бөлме өсімдіктерін өсіруге арналған тағы бір бағыттағы жаңа қондырғы пайда болды. Жобаның осындай шығармашылық түрде толықтырылуы Semiramida микрогидропоникалық қондырғыларының қолдану аясын едәуір кеңейтті.

 

Ғылыми қызмет

Шығармашылық

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар