Energo University

Оқиғалар 02.06.2025

«Қазақстандағы тұрақты даму жағдайында энергетикалық ауысуды басқару» тақырыбында дөңгелек үстел

news.title_ru

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ қабырғасында «Қазақстандағы тұрақты даму жағдайында энергетикалық ауысуды басқару» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны АЭжБУ Жаңа энергетикалық саясат орталығы ұйымдастырды. Конференция барысында профессор, Израиль ғылымды дамытудың тәуелсіз академиясының вице-президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі, АЭжБУ-дың бұрынғы ректоры Герман Трофимов баяндама жасады. Ол жиналғандармен – ҚР Энергетика министрлігінің өкілдерімен, «Самұрық-Энерго» АҚ, профессор-оқытушылар құрамымен, жеке сектор мен азаматтық қоғам өкілдерімен – энергетика саласының болашағы туралы өзінің көзқарасымен және Қазақстан үшін экономикалық тұрғыдан тиімді декарбонизация мен энергетикалық ауысу туралы нақты ұсыныстарымен бөлісті.

Дөңгелек үстелге, сонымен қатар ЖЭО-3 және Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

Атом саласының даму перспективалары туралы Энергетика министрлігінің өкілдері өз пікірлерін білдірді, ал АЭжБУ профессорлары көмірден басқа энергия көздеріне әділ көшу және энергетикалық қауіпсіздік тақырыптарында баяндамалар жасады.

Оқиғалар

Энергетика

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар