31 мамыр. Алматы. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (Energo University) 50 жылдығына орай салтанатты жиналыс және мерекелік концерт өтті.
Парламент Мәжілісінің депутаттары, атақты түлектеріміз Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғанов пен Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин, университетіміздің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ұлттық компаниялардың, Қытай Мемлекеттік энергетикалық корпорациясының басшылары, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетиктері, Алматы жоғары оқу орындарының ректорлары бізбен қуанышпен бөлісуге келген құрметті қонақтар болды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау бейнежолдау жіберді, сондай-ақ өз басшыларының орынбасарлары Энергетика, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлерінен, Алматы әкімінен, Атом энергиясы агенттігі төрағасынан құттықтау жеделхаттарын оқыды.
50 жыл ішінде АЭжБУ энергетика және байланыс салалары үшін 40 мыңнан астам жоғары білікті мамандар шығарды.
АЭжБУ-дың ректоры Ғани Нығыметов құттықтау сөзінде атап өткендей, АЭжБУ-дың мерейтойы - Қазақстан энергетикасы тарихындағы маңызды кезең. Бұл мереке тек университеттің ғана емес, Қазақстанның барлық энергетикалық саласының мерекесі. Energo University-дің тарихы-еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін құру жолындағы қажырлы еңбектің жылнамасы.
«Егер 70-ші жылдары біздің түлектер ЖЭО салса, бүгінде АЭжБУ бітірген жас мамандар Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударатын Энергетика ренессансының алдыңғы қатарында тұр. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда жаңа қуаттар іске қосылады деп күтілуде, энергетика саласындағы кадрлар бірнеше рет сұранысқа ие болады», - деп атап өтті Ғани Нығыметов.
Ректор студенттерді даярлау сапасын арттыруда университет бірлесіп ортақ іс жасап жатқан серіктестер мен демеушілерге алғысын білдірді. Сондай-ақ, университет атынан Парламент Палаталарының, Ғылым және жоғары білім, Энергетика, цифрландыру министрліктерінің, Атом энергетикасы агенттігінің, Алматы қаласы әкімдігінің басшылығына шын алғыс білдірді.
Осы жылы серіктестеріміздің қолдауымен біздің 120 зертханаға тағы 5 зертхана қосылды. 31 мамырда FabLab ғаламдық желісінің студенттік прототиптеу орталығы мен Alageum Electric оқу сыныбы ашылды. 1 қыркүйекте KEGOC компаниясы еліміздің барлық энергетикалық жүйесінің үлгісімен Қазақстан үшін бірегей цифрлық оқу-диспетчерлік орталығын ашады.
Қысқа мерзім ішінде оқу корпустары жаңартылды, жаңа стратегия - Орталық Азияның жетекші энергетикалық және техно-креативті жоғары оқу орны болу қабылданды. Біз халықаралық ынтымақтастықты кеңейте отырып, инфрақұрылымды дамытуды және білім сапасын арттыруды жалғастырудамыз.
Бүгін АЭжБУ-дың базасында Анхальт неміс қолданбалы ғылымдар университетінің филиалы ашылды, біз Мәскеу энергетикалық институтымен тығыз жұмыс істеудеміз, Солтүстік Қытай электр энергетикалық университетімен және Қытайдың ең ірі энергетикалық корпорациясы China Huadian-мен альянс құрдық, біздің базада әлемдік электробус өндірушісі Yutong тренинг орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кампуста бір уақытта 7 мыңға дейін адам оқиды және қолданыстағы инфрақұрылым жетіспейді. Бір жыл бұрын ЖОО-ның акционерлері Университетке Қаскелеңдегі 17 гектар аумақты беруді ұсынды, онда 2-3 жыл ішінде заманауи оқу кампустары, жатақханалар салынады. Ал қазір Креативті индустриялар паркі құрылды, онда Нью-Йорк киноакадемиясының (NYFA) филиалы бірінші резидент болды және 29 қыркүйектен бастап алғашқы студенттерді қабылдайды.
Салтанатты жиналыс барысында ЖОО-ның 50 жылдығына орай ведомстволық марапаттар, мерейтойлық медальдар, сондай-ақ университет оқытушылары мен қызметкерлеріне алғыс және марапаттар табыс етілді.
Университет тарихына қатысы бар әрбір адам үшін ЖОО-ның жарты ғасырлық мерейтойы-үлкен ортақ мереке ғана емес, сонымен қатар жеке мейрам. Университеттің мықты іргетасын қалаған және әрі қарайғы күшті өзгерістердің негізін салған әрбір тұлғаға алғыс білдірілді. Сондай-ақ, жоғары білікті мамандар мен нағыз патриоттарды тәрбиелеумен күнделікті айналысатын оқытушыларға, сондай-ақ университеттің серіктестеріне де алғыс айтылды. Бұл ынтымақтастық біздің қарқынды дамуымыздың маңызды қайнар көзі болып табылады.
Оқиғалар
Мерейтой
Сілтемені көшіру