Energo University

Оқиғалар 16.06.2025

Dala Edge Болливудқа жол ашуда

news.title_ru

Dala Edge Creative Tech Park үнді кино нарығына стратегиялық қадам жасады.

14 маусым күні Үндістанға сапары аясында Dala Edge командасы Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің қолдауымен әлемдегі ең ірі киноиндустрия өкілдерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Серіктестер қатарында — Films Division of India, Film and Television Institute of India және Whistling Woods International басшылығы бар.

 

Келіссөздердің басты тақырыптары мыналар болды:

  • бірлескен киножобаларды іске қосу (co-production);

  • қазақстандықкиноны үнді нарығында ілгерілету;

  • кино саласындағы білім беру бойынша ынтымақтастық.

Үндістан — жыл сайын 1600-ден астам фильм шығаратын әлемдегі ең ірі киноөндіруші елҮнді кино нарығының көлемі 3,5 миллиард АҚШдолларынан асады және ол тек Оңтүстік Азия ғана емесТаяу ШығысАфрика мендүниежүзіндегі үнді диаспорасы арасындағы аудиторяны дақамтиды.

 

Қазақстандық тарап үнді әріптестеріне келесі бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды:

  • Қазақстанныңбірегей табиғи локацияларында түсірілімдер жүргізу;

  • тақырыптық кинофорумдарға қатысу;

  • Қаскелен қаласындағы жаңа халықаралық New York Film Academy (NYFA) кампусымен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу — бұл Dala Edge-тің негізгі жобаларының бірі.

«Креативті индустрияларды дамыту мақсатында біз Қаскеленде NYFA-ның шетелдік кампусын аштық. Қазіргі уақытта студенттерді қабылдау жүріп жатыр, ал сабақтар 29 қыркүйекте басталады. Біз үндістандық студенттерді Қазақстанда жоғары деңгейлі америкалық кино білімін алуға шақырамыз», — деді Energo University ректоры Ғани Нығыметов.

 

«Креативті индустриялар — бұл тек мәдениет емес, сонымен қатар экономика. Фильмдер, музыка, ойындар мен анимация — экспорттық әлеуеті жоғары өнімдер. 1,5 миллиардтық аудиториясы бар Үндістан — Қазақстан үшін тартымды әрі кең нарық, онда еліміз өз орнын алуға әбден лайық», — деп атап өтті Dala Edge Creative Tech Park-тың тең құрылтайшысы Данат Жұмин.

 

Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі сапардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етіп, екі елдің креативті экожүйелері арасында тікелей диалог орнатуға мүмкіндік жасады.

«Біздің міндетіміз — Қазақстан мен Үндістан халықтары арасында көпір салу, өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашу. Бүгінде Қазақстанда креативті сектор белсенді дамып келеді, жетекші университеттердің филиалдары ашылуда. Білім беру қызметтерін және креативті өнімдерді Үндістанға экспорттау елдерімізді жақындастыруға серпін беріп қана қоймай, бюджеттің табысты бөлігін де толықтырады деп сенемін», — деді Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Ескараев.

 

Dala Edge туралы

Dala EdgeҚаскеленнің етегінде құрылып жатқан креативті және технологиялық индустриялардың инновациялық паркі. Оның миссиясы — білім, технология және кәсіпкерлікті біртұтас экожүйеге біріктіру. 2025 жылы мұнда Азиядағы алғашқы халықаралық New York Film Academy кампусы ашылып, кино білім беру мен өңірдегі креативті индустрияны дамытуда жаңа белестерге жол ашты.

Оқиғалар

Байланыс

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар