Energo University-дің оқытушылары мен қызметкерлері «Қауіпсіз орта» жобасы аясында «Студент жастардың бейқұрылымды мінез-құлқының алдын алу» жазғы мектебіне белсенді қатысты.
Үш күн ішінде шақырылған спикерлер білім берудегі тәрбие үдерісі үшін тәуелділік психологиясы, студенттердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу, тиімді педагогика мен басқару үшін профайлинг құпиялары сияқты маңызды тақырыптар бойынша өз білімдері мен дағдыларымен бөлісті.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері дипломды психологтарды, психиатрларды және өтірікті зерттеу мамандарын үлкен қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, пікірталастарға белсенді қатысып, шақырылған лекторлар айтқан мәселелерді шешу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жазғы мектеп өткізу кезеңі бойы дәрістерге толық қатысқан барлық қызметкерлерге сертификаттар беріледі.
Байланыс
Қонақ дәрісі
Мұғалімдер
Сілтемені көшіру