Energo University

Оқиғалар 24.06.2025

China Huadian Corporation Ltd делегациясы Energo University-де болды

10 мамырда Бейжіңде альянс құру туралы келісімге қол қойылды, оған Energо University, Солтүстік Қытай электр энергетикалық университеті, Қытай мемлекеттік энергетикалық корпорациясы Huadian Group Co., Ltd және Шыңжаң университеті кірді. Құжат көмір энергетикалық блоктарының икемділігін жаңғыртуды, "көз – желі – жүктеме – жинақтауыш" жүйелерін интеграциялауды және мультиэнергетикалық толықтырылмалы шешімдерді әзірлеуді қоса алғанда, тұрақты энергетикалық шешімдерді дамыту бойынша зертхана құруды көздейді. Сонымен қатар, Қазақстаннан келген студенттер үшін альянс құру Қытайдың жетекші заманауи энергетикалық кәсіпорындарында қос диплом алу және өндірістік тәжірибеден өту бойынша кең мүмкіндіктер ашты.

Осы келісімді іске асыру шеңберінде Energo University-дің 7 студенті Солтүстік Қытай электр энергетикалық университетіне (North China Power Electric University) магистратура бағдарламасы бойынша оқуға түсті, олардың оқуын, тұруын толық қаржыландыру, сондай-ақ шәкіртақыны China Huadian Corporation өтейді. Бүгінгі таңда China Huadian Corporation Ltd Қытайдың ең ірі 5 энергетикалық корпорациясының қатарына кіреді, корпорацияның энергетикалық нысандарының белгіленген қуаты 217 Гигаватт, активтері 150 миллиард долларға бағаланады.

China Huadian Corporation Ltd делегациясының 23 маусымда Алматыдағы Energo University - ге сапары-Қытайдың ірі энергетикалық корпорациясы мен Орталық Азиядағы энергетика үшін кадрлар даярлау жөніндегі көшбасшы-қазақстандық университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жасалған маңызды қадам.

Делегацияны China Huadian Corporation Ltd бас директоры Zu Bin басқарды.

Кездесу барысында терең ынтымақтастық бойынша нақты қадамдар талқыланды, оның ішінде ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп қаржыландыру, сондай-ақ China Huadian Corporation кадрлар даярлау талаптарына сәйкес келетін зертханаларды жабдықтау.

Сапар барысында China Huadian Corporation серіктестеріне ғылыми зертханалар бойынша кампус-тур барысында Energo University студенттерінің кәсіби және ғылыми әлеуетін дамыту мүмкіндіктері көрсетілді, сондай-ақ университеттің ғылыми жобалары ұсынылды.

Оқиғалар

Байланыс

Энергетика

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар