Бүгін Өзбекстан Республикасының Бас консулы Матчанов Раушанбек Маратович ресми сапармен Energo University-ге келді.
Кездесу барысында университет ректоры Ғани Нығыметов Energo University-ді Қазақстандағы жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі ретінде таныстырып, оның инновациялық білім беру бағдарламаларына, халықаралық бастамаларына және ғылым мен технология саласындағы жаһандық интеграцияға ұмтылуына ерекше назар аударды.
Тараптар Өзбекстан университеттерімен әріптестікті кеңейту мүмкіндіктерін, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру және бірлескен білім беру жобаларын дамыту мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, әңгіме барысында АУЭС ректорының Ташкент қаласына сапары және өзбек әріптестерімен алдағы келіссөздері жайлы мәселелер көтерілді.
Кездесу барысында екі ел арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын, сондай-ақ мәдени және шығармашылық ынтымақтастықты нығайту перспективаларына ерекше көңіл бөлінді.
Ресми сапар университет кампусымен таныстыру экскурсиясымен және достық қарым-қатынасты нығайту мен болашақтағы ынтымақтастыққа ниет білдірудің белгісі ретінде естелік сыйлықтар алмасумен аяқталды.
Оқиғалар
Байланыс
Халықаралық ынтымақтастық
Сілтемені көшіру