2025 жылғы 6 шілдеде — Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне (Energo University) ресми сапармен Солтүстік Қытай электр энергетика университетінің (North China Electric Power University, NCEPU) делегациясы келді.
Делегацияны NCEPU ректоры (президенті) Bi Tianshu басқарды.
Сапардың мақсаты-бакалавриат студенттеріне арналған 2+2 қос диплом бағдарламасын іске қосу туралы келісімге қол қою, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу.
2+2 бағдарламасы аясында біздің студенттер АЭжБУ-да екі жыл және Бейжіңде екі жыл өткізеді, бітіргеннен кейін екі жоғары оқу орнының дипломдарын алады. Бұл студенттердің академиялық және кәсіби өсуіне, сондай-ақ энергетика саласындағы мамандардың жаһандық қауымдастығына интеграциялануына бірегей мүмкіндіктер ашады.
Солтүстік Қытай электр энергетика университеті-энергетика, тұрақты даму және инженерияға маманданған ҚХР-ның жетекші мемлекеттік салалық жоғары оқу орны.
NCEPU делегациясының сапары мен қос диплом туралы келісімді іске асыру – АЭжБУ-дың халықаралық интеграция жолындағы маңызды кезеңі болып табылады. Бұл студенттер мен оқытушыларға ғылыми ынтымақтастық, білім алу және халықаралық деңгейде мансаптық өсу бағытында жаңа мүмкіндіктер ашады.
Оқиғалар
Байланыс
Халықаралық ынтымақтастық
Сілтемені көшіру