2025 жылғы 10 шілде — Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) алаңында Qazaqstan Advanced Institute of Science and Technology (QAIST) – Азияның жетекші технологиялық университеттерінің бірі болып саналатын KAIST (Korea Advanced Institute of Science and Technology) моделінен шабыт алған өршіл ғылыми-білім беру жобасын іске қосуға дайындық аясында форсайт-сессия өтті.
Іс-шара қазақстандық академиялық және зерттеу қоғамдастығының өкілдерін, индустриялық әріптестер мен халықаралық сарапшыларды біріктірді.
Қатысушыларға құттықтау сөздерінде Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ха Тэ Ук және АЭжБУ ректоры Ғани Сақтағанұлы Нығыметов Қазақстанның ғылыми көшбасшылығын дамыту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Сессияның модераторы QAIST жобасының бірлескен бастамашысы Дана Молдакулова болды.
Бағдарлама аясында KAIST академиялық модельдері ұсынылып, олардың ұлттық контекстке бейімделу мүмкіндіктері талқыланды. KAIST келесі профессорлары баяндама жасады:
* Проф. Джонг Ким (механикалық инженерия)
* Проф. Сынг-Тэк Рю (электр техника)
* Проф. Джонгмун Байк (информатика және жасанды интеллект)
Инженерия, цифрлық трансформация, тұрақты технологиялар және жасанды интеллект саласындағы бәсекеге қабілетті бағдарламаларды құруға, сондай-ақ ғылым мен индустрия арасындағы байланысты нығайтуға ерекше назар аударылды.
Талқылауға қатысушылар арасында Nazarbayev University, AlmaU, SDU, ENERGO University, ҚР Ғылым қорының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық компаниялардың: EPAM Systems, Colonnada, CyborgBase, Mirai Tech, Salva Group, Most Ventures, Alageum Engineering және т.б. көшбасшылары бар.
Сессия қорытындысы бойынша Қазақстанның тұрақты ғылыми-технологиялық дамуының халықаралық стандарттары мен басымдықтарына бағдарланған QAIST стратегиялық және академиялық дамуының жол картасы қалыптастырылады.
Оқиғалар
Ғылыми қызмет
Халықаралық ынтымақтастық
Сілтемені көшіру